2015 жылғы 11 ақпан, Астана, Үкімет үйі
Алматы облысының кейбір білім беру және спорт ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық- географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мынадай білім беру және спорт ұйымдарына:
1) Қарасай ауданы «Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – Жазкен Жиембаевтың;
2) Ақсу ауданы әкімдігінің «Өнер мектебі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына – Исатай Исабаевтың;
3) «Ақсу ауданы Әкімінің аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына - Молықбай Байсақұлының;
4) Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы орталық стадионға – Есмұрат Сиқымовтың;
5) Көксу ауданы «Балпық би кентіндегі қазақ орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесіне – Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің;
6) Іле ауданы «№ 22 орта мектеп» мемлекеттік мекемесіне – Тұрғанбек Қатаевтың есімдері берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдары:
1) Ақсу ауданының білім бөлімі «Құрақсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Құдаш Мұқашев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Ақсу ауданының білім бөлімі «Қызылорақ орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Бижарас Садырбайұлы атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Жамбыл ауданы «Қарғалы №1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі – «Социалистік Еңбек Ері Құдыс Әбсәметов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;
4) Көксу ауданы «Қазақстанның 10-жылдығы атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;
5) Қаратал ауданы «Фрунзе атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі - «Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі;
6) Қаратал ауданы «Дзержинский атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Рақымжан Қошқарбаев атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;
7) Қаратал ауданы «Тельман атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі «Көкдала орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;
8) Еңбекшіқазақ ауданы «Түрген қазақ орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Абыхан Жексембеков атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.